$ 542.66  631.98  6.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 12:07
Қоғам

«Сергек» камералары енді 8 сағат бойы рульде отырған адамдарды түсіріп алады

Бұл туралы компания мәлімет берді

«Сергек» камералары енді 8 сағат бойы рульде отырған адамдарды түсіріп алады
Фото: Сергек

«Сергек» камералары енді сегіз сағат бойы үзіліссіз көлік жүргізген адамдарды видеоға түсіріп алып, тіркейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компания таратқан мәліметке сүйенсек, Қазақстанда жол қауіпсіздігінің бірыңғай цифрлық платформасы, яғни, TOR жүйесі жұмыс істей бастайды. Бұл жүйенің бір ерекшелігі -  елдегі жолдарда болып жатқан барлық оқиғаларды нақты уақыт режимінде жинақтап, реттеп, көрсетіп отырады, деп сендірді компания.

«Платформа ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған бірыңғай «цифрлық терезе» ретінде жұмыс істеп, жол жағдайын ұлттық деңгейде басқаруға, талдауға және үйлестіруге мүмкіндік береді. TOR платформасы деректерді төрт негізгі көзден жинақтайды: қалалар мен тас жолдардағы стационарлық кешендерден, патрульдік полицияның мобильді бекеттерінен, дрондардан және өзге де қосылған жүйелерден ақпарат алады», - деп хабарлайды компания.

Сондай-ақ, камералар апат жиі болатын нүктелерді анықтап, қауіпті жүргізушілерді тіркейді, сондай-ақ үзіліссіз сегіз сағаттан артық көлік жүргізіп отырған тұлғаларды бақылауға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#бақылау #сергек