Қазақстанда 1949-2010 жылдары туғандарға 70 мың теңге төленіп жатқаны рас па
Еңбек министрлігі мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанда 1949-2010 жылдар аралығында туған азаматтарға 70 000 теңге төленіп жатқаны туралы тараған ақпарат - фейк. Еңбек министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз», - деп жазылған шұғыл ақпаратта.
Дереккөзге сүйенсек, осы ақпаратты таратқандар ақша алғысы келген адамдарға сілтеме жібереді.
«Сол сілтеме өткен адамдардың жеке мәліметтері алаяқтардың қолуына түсуі мүмкін. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады», - деп хабарлап отыр министрлік.