$ 536.58  622.75  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда тағы 1 млн адам тегін медициналық сақтандыруға ие болды

Жарна бюджеттен алынады 

Қазақстанда тағы 1 млн адам тегін медициналық сақтандыруға ие болды
Фото: Freepik

Қазақстанда тағы бір миллионға жуық адам тегін медициналық қызмет алатын болады. Денсаулық сақтау министрлігінің бұл бұйрығы қазір талқыланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанда ресми тіркелген жұмыссыздар мен әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарналарын төлеу жергілікті әкімдіктердің мойнына жүктеледі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жаңа ережелер күшіне енсе, 2026 жылы қосымша 1 миллион азамат жоспарлы медициналық көмекке қол жеткізеді. Бұл – халықтың шамамен 5 пайызына тең.

«Бастама халықтың әлжуаз топтары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Әкімдіктер жұмыссыздар мен табысы төмен азаматтардың сақтандыру жарналарын жергілікті бюджет есебінен төлейтін болады», – деді министрліктен.

Жоба қазіргі уақытта қоғамдық талқылауға шықты.

Айта кетейік, бұған дейін осы санаттағы азаматтар сақтандырылмағандықтан, тегін медициналық көмек ала алмайтын еді.

Серіктес жаңалықтары