$ 537.53  620.52  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.08.2025, 10:03
Қоғам

Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтап қалды – адвокат

Оның мәйіті былтыр қыста Талғар маңынан табылған

Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтап қалды – адвокат
Фото: zoon.kz

Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтап қалған. Бұл туралы сол отбасының адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Нұрқанаттың ісі тоқтатылған! Алайда біз болашақта істі қайта жандандыру үшін өтінішхат түсіреміз», - деп жазды Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қазан айында Талғарда он алты жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Араға екі ай салып Талғар маңынан Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың мәйіті табылған. Ресми органдар ер адамның асылып қалғанын хабарлап, марқұмның өлер алдында туыстарына жазған хатын жариялаған. Алматы облысының полициясы осы факті бойынша қылмыстық іс қозғаған еді.

Жуырда Шерзат Полатты өлтірген қылмыскерлерге қатысты сот үкімі жарияланды.

  • Басты күдікті Абзал Шынасыл ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша 23 жылға сотталды.
  • Равиль Сакиев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бап 2-бөлігі, 24-бап 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша 20 жылға сотталды.
  • Азамат Тоқтаубаев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық), қосымша 188-бап (ұрлық) бойынша бұрынғы соттылықтарын ескере отырып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Нұрқиас Ілиясов – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық), бұрынғы соттылығына байланысты 9 жылға сотталды.
  • Шыңғыс Белғожаев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға сотталды.
  • Дархан Әскентай – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Нұрбол Тоқтаубаев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға сотталды.
  • Дидар Қалиахмет – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша 1 жыл 6 айға сотталып, жуырда түрмеден босап шықты.

Серіктес жаңалықтары