«Біз үшін кек алуың керек»: Шерзаттың көкесі өлер алдында ағасына хат жазып кеткен (ВИДЕО)
Оның смс-хабарламасын полиция жария етті
Алматы облысының полициясы Талғар маңында денесі табылған Нұрқанат Ғайыпбаевтың өлімінен қатысты тағы бір мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның айтуынша, марқұм өлерінің алдында ағасына хат жазып, өзін Шерзаттың жанына жерлеуді сұраған.
«Аға, не істесем де кешір. Мен бауырымның өлгенін қаламадым. Барынша тырыстым. Аға, сен біз үшін кек алу керексің. Сол үшін жаралғансың. Бірақ, мен істеген істі қайталама. Сенде ұл-қыз бар, соларды ойла. Мені сені қатты жақсы көремін, кешір», - деп жазған марқұм.
Оның хатын алған ағасы бірден жауап беріп, қайда жүргенін сұраған.
«Ақымақ болма, үйге қайт. Берген уәдең қайда? Сені қайдан іздеп табайын. Мама ауырып қалады», - деп жауап берген ағасы.
Бірақ марқұм Нұрқанат Ғайыпбаев ағасының бұл сұрақтарына жауап бермей, соңғы өтінішін айтқан.
«Шерзаттың жанына жерлесең болды, басқа айтарым жоқ», - деп жазған марқұм.
Ал облыстық полиция болса, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлап отыр. Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Талғар маңында Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылған болатын. Ресми органдар оның асылып қалғанын хабарлап отыр.