Назым Қызайбай балаларға 2 млн теңге берді
Боксшы 5-6 баласы мектепке баратын аналарға көмектесті

Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Instagram парақшасында 40 балаға қуаныш сыйлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол 5-6 баласы мектепке баратын аналарға көмектескенін атап өтті.
«Жаттығудан кейін өзіме риза болып тұрмын. -2 000 000 теңге, +40 бақытты бала, + күлімдеген көпбалалы аналар. Жақсылық санмен емес, жүрекпен өлшенеді», - деп жазды боксшы Stories бөлімінде.
Оның айтуынша, мұқтаж отбасы әлі де көп.
«Егер шын ниетпен көмектескісі келетіндер болса, мәліметтерін бере аламыз. Көмекшіме жазыңыздар. Аз да болса, қолымнан келгенше көмектестім. Мүмкіндік болып жатса, тағы көмектесемін», - деп түйіндеді Назым.
Еске сала кетейік, бұған дейін Назым Қызайбай жантебірентерлік сәттің видеосын көрсеткен болатын. Әлеуметтік желідегі жарияланған видеодан Назымның жеңісіне бүкіл зал қол шапалақтап жатқанын көруге болады. Олардың арасында Тоқаев пен Головкин де бар.
Тағы бір айта кетері, Геннадий Головкин Астанада өтіп жатқан Бокстан әлем кубогында Назым Қызайбайға ерекше қолдау көрсетті. Головкин боксшылармен сәлемдесіп болған соң Назым Қызайбайды құшағына басты. Желі қолданушылары чемпионның қарапайымдылығына тәнті болды.