Тоқаев пен Головкин қол соқты: Назым Қызайбай жантебірентерлік сәттің видеосын жариялады
Назымның жеңісіне бүкіл зал қол шапалақтады

Боксшы Назым Қызайбай президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан спортының жарық жұлдызы Геннадий Головкиннің өзіне қол соққан сәттің видеосын көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желідегі жарияланған видеодан Назымның жеңісіне бүкіл зал қол шапалақтап жатқанын көруге болады. Олардың арасында Тоқаев пен Головкин де бар.
«Президент пен Геннадий Головкиннің қол шапалақтауы — мен үшін үлкен мәртебе. Еңбектің бағаланғаны – ең үлкен қуаныш. Қуанышқа да, қиындыққа да – бәріне себеп бар», - деп жазды боксшы.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин Астанада өтіп жатқан Бокстан әлем кубогында Назым Қызайбайға ерекше қолдау көрсеткен болатын. Головкин боксшылармен сәлемдесіп болған соң Назым Қызайбайды құшағына басты. Желі қолданушылары чемпионның қарапайымдылығына тәнті болды.