$ 542.66  631.98  6.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.06.2025, 13:30
Қоғам

Ұлттық Банк қазақстандықтарды жаңа алаяқтық схемалардан сақ болуға шақырды

Банк фейк парақшалардың қауіпін атап өткен

Ұлттық Банк қазақстандықтарды жаңа алаяқтық схемалардан сақ болуға шақырды
Фото: Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық Банкі азаматтарды қаржы алаяқтарынан сақ болуға шақырып, жаңа алаяқтық әдістердің пайда болғанын ескертті. Қаржы реттеушісінің мәліметінше, қаскөйлер жалған құжаттар, банк реквизиттері, мобильді қосымшалар және әлеуметтік желідегі фейк парақшалар арқылы сенімге кіріп, халықты алдап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алаяқтардың басты мақсаты – азаматтардың жеке шоттарына, депозиттеріне, ақша аударымдарына қол жеткізу немесе олардың атына онлайн несие рәсімдеу. Олар көбіне өздерін Ұлттық Банк, құқық қорғау органдары, екінші деңгейлі банк, ұялы байланыс операторлары немесе коммуналдық қызмет өкілдері ретінде таныстырады.

Қазіргі алаяқтық тәсілдер қандай?

Қаскөйлер:

  • жалған ресми құжаттар мен реквизиттер жібереді;
  • SMS-хабарламалар мен растау кодтарын сұратады;
  • күмәнді сілтемелерге өтіп, бейтаныс қосымшаларды жүктеуді талап етеді;
  • мессенджерлер арқылы жаңа функцияларды іске қосуға итермелейді.

Мұның барлығы – құрылғыға толық қолжетімділік орнатып, жеке ақпаратты ұрлау үшін жасалатын әрекеттер.

Қауіпсіздік шаралары қандай?

Қазақстан Ұлттық Банкі азаматтарға төмендегідей кеңестер береді:

  • Бейтаныс сілтемелерге өтпеңіз;
  • Күдікті қосымшаларды жүктемеңіз;
  • Жеке мәліметтер мен кодтарды бөгде адамдармен бөліспеңіз;
  • Бейтаныс шоттарға ақша аудармаңыз;

Қоңырау немесе хат келген жағдайда ақпараттың шынайылығына көз жеткізіңіз.

  • Ұлттық Банктің ресми ескертуі:
  • Ұлттық Банк ешқашан:
  • жеке тұлғаларға аудио немесе видеоқоңырау шалмайды;
  • жеке шоттарды басқармайды;
  • қаржылық өнімдерге инвестиция салуға шақырмайды;
  • халықпен тікелей ақша айналымын жүргізбейді.
Серіктес жаңалықтары