$ 542.66  631.98  6.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.06.2025, 13:15
Қоғам

Балалармен емен-жарқын сөйлескен Тоқаев немересінің кім екенін айтып қойды (ВИДЕО)

Президенттің немересі де футбол ойнайды екен

Балалармен емен-жарқын сөйлескен Тоқаев немересінің кім екенін айтып қойды (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Бүгін Астанада Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралаған президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас футболшылармен сөйлескенде немересінің кім екенін айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Тоқаевтың алдында 11 жастағы Сейсенбек Дінмұхаммед сөйлеп, өзін команда капитаны ретінде таныстырды.

«Менің жасым 11-де. Мен командамның капитанымын. Біз қазір Қазақстан чемпионатына дайындалып жатырмыз. Футбол бізді тек ойнауға емес, еңбекқорлыққа және достыққа үйретеді. Біздің болашақтағы мақсатымыз Қазақстан құрамасына кіріп, Әлем чемпионатын ұту», - деді мүдірмей сөйлеген бала.

Тоқаев баланың арманы дұрыс, бағыты айқын екенін айтып, қалған балалармен де сөйлесті. Солардың арасында Иманғали есімді 10 жасар бала сүйікті футболшысы Нұрәлі Әліп екенін айтты.

«Менің жасым онда. Менің сүйікті футболшым Нұрәлі Әліп, мен еңбек етіп, елімнің мақтанышы болуға тырысамын», - деді жас футболшы.

Тоқаев оның жасын қайталап сұрап, сөз арасында өзінің немересі де футбол ойнайтынын айтып өалды.

«Менің немерем футбол ойнайды. Голкипер», - деді Тоқаев күліп.

Серіктес жаңалықтары