$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.10.2019, 15:35
Қоғам

СҚМУ-дағы жаппай төбелестен кейін 46 студент ұсталған – Полиция департаменті

Төбелес университетке оңтүстік өңірлерден келген студенттермен болғаны анықталды

СҚМУ-дағы жаппай төбелестен кейін 46 студент ұсталған – Полиция департаменті

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері арасында болған жаппай төбелестен кейін полицейлер «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СҚО Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 20 қазан күні Есіл өзенінің жағасындағы «Восточный берег» дәмханасының маңында болған. Куәгерлер полицияға хабар бергеннен кейін студенттер жан-жаққа қашқан. Алайда, Жедел басқару орталығының мамандары ауданды аралау барысында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 46 студентін ұстап, полиция бөліміне жеткізген.

«Облыстық және қалалық полицияның  тергеушілері, барлық жедел құрам болған жанжалдың себебі мен мән-жайын анықтау бойынша жұмыс істеді. Оқу орындарының басшылығы, топтардың жетекшілері шақырылды. Жанжал еліміздің оңтүстік өңірлерден білім алуға келген түрлі фактультеттерде оқитын екінші және үшінші курс студенттерінің арасында тұрмыстық жағдайда болғаны белгілі болды. Бір студентке емделуді қажет етпейтін медициналық көмек көрсетілді. Тағы бір жәбірленушінің беті көгерген», - дейді полицейлер.

Оқи отырыңыз: Петропавл университетінде «серпіндіктер» жаппай төбелесті

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 293-бабымен («Бұзақылық») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Полиция департаменті, қалалық және облыстық прокуратура басшылығының бақылауында.

Серіктес жаңалықтары