16.05.2025, 12:10
Қоғам
Кейбір зейнеткерлерге енді зейнетақы автоматты түрде төленеді
Қаулыға өзгерістер енгізілгелі жатыр
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз еркімен зейнетақы жарналарын аударған қазақстандықтар зейнет жасына жеткенде ай сайынғы зейнетақы төлемдерін автоматты түрде алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулы жобасын әзірлеген.
«Зейнет жасына жеткен, бірақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен жиналған зейнетақы жинағын алу үшін қорға жүгінбеген азаматтарға БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері автоматты (өтінішсіз) түрде төленеді деп жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.
Агенттік осы тетік зейнетақы төлемдерінің барлық түріне бірдей көзқарасты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп санайды.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 07:18
Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
15.11.2026, 08:51
Қазақстанда балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынғаны рас па? Министрлік жауап берді
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
