08.05.2025, 17:21
Қоғам
Таразда әскерилер ардагерлердің үйлеріне барып, парад өткізіп берген
Қалада небары бес майдангер қалған
Фото: Қорғаныс министрлігі
Жамбыл облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Тараз гарнизоны әскери бөлімшелерінің әскери қызметшілері ардагерлердің үйіне барып, парад өткізген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Егде тартқан ардагерлердің көбі денсаулығына байланысты орталық алаңға бара алмайды. Сондықтан, Құрлық әскерлерінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы олардың үйлеріне барып, есік алдында шағын парад өткізе бастаған. Бұл дәстүр кейінгі жылдары тұрақты түрде жалғасын тауып келеді.
Айта кетейік, қазір Жамбыл облысында бар болғаны бес майдангер тұрады. Олардың барлығы Тараз қаласында өмір сүріп жатыр. Жастары ұлғайғандықтан, бұқаралық іс-шараларға қатыса алмайды.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 09:35
«1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытауда карьерді рекультивациялау жұмысының астында заңсыз кен өндіріліп келген