$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.06.2020, 01:54
Қоғам

Шымкентте екі бала мен анасы далаға қонып, шие теріп жеп жүр

Олардың далада қалғанына кемінде он күн болған

Шымкентте екі бала мен анасы далаға қонып, шие теріп жеп жүр
Сурет Отырар телеарнасының сайтынан алынды

Шымкент қаласында үш баласы бар әйел екі баласын ертіп, далаға қонып жүр, деп хабарлайды жергілікті Отырар арнасы.

Жергілікті тұрғындардың хабарынан кейін 44 жастағы Ғалия Ахметованың тағдыры телеарнаға жеткен. Ғалия Ахметова үш баласы бар екенін, 14 жасар үлкен ұлы әкесінің қолында, ал, 13 жастағы бір қызы мен 10 жасар ұлы өзінің жанында қалғанын айтады. Бұрын жолдасы заңгер болып жұмыс істеген, кейін бизнесмен боламын деп, дәмхананы жалға алған екен. Бірақ, Ғалия мен жолдасы көп жылдар бұрын ажысарып кеткен.

Отырар телеарнасы Ғалия Ахметованың тағдырын баяндай келе, кіші ұлы екі жасқа толғанда күйеуі оны тастап, баласы бар әйелге үйленгенін хабарлайды.

«Туған қызы далада жүргенде, ол басқа біреудің қызын өсіріп отыр. Менің үлкен ұлым бар, күйеуім оны алып кеткен. Бірақ, балам біз сияқты қиналмасын деп, оны әкесіне бергемін. Жолдасым ішімдік ішкен күні бізді ұрып-соғып далаға қуатын. Сондықтан, ажырасуға мәжбүр болдым. 3-4 млн теңге алимент қарыз. 2014 жылдан бері ресми түрде ажырассақ та, алимент төлемей келеді. 2016 жылы ол менің атыма несие алып, әкесіне көлік алып берді. Мен оған қарсы шығып, ақыры үлкен дауға ұласты да бі ажырастық», - дейді Ғалия Ахметова.

Қазір Ғалия Ахметованың тұратын жері жоқ. Жергілікті тұрғындар әйелді он күн бұрын далада шие теріп жеп жүрген жерінен көрген. Он күннен кейін бұл көрініс мүлде өзгермегені хабарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары