$ 510.06  566.32  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.04.2025, 16:23
Қоғам

«Бірге кітап оқиық»: Мәулен Әшімбаев жастардың дүниетанымын кеңейтетін қандай кітаптар ұсынды (ВИДЕО)

Сенат спикері «AMANAT» партиясының қолдауымен басталған жобаға қатысты

«Бірге кітап оқиық»: Мәулен Әшімбаев жастардың дүниетанымын кеңейтетін қандай кітаптар ұсынды (ВИДЕО)
Фото: скриншот

«Бірге кітап оқиық» жобасында жазушы Төлен Әбдіктен эстафета қабыл алған Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өз кітапханасынан үш кітап таңдап алып, жастарға ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

Ең алдымен ол қазақстандықтарды бүгінгі Ұлттық кітап күнімен құттықтай келе, бұл күн президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биыл алғаш рет өтіп жатқанын айтты.

«Жалпы, мұндай игі істің мәні зор, тағылымы терең. Себебі бұл – озық ойлы ұлт қалыптастырудың және елімізде адами капиталды дамытудың бірден-бір жолы. Халқымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген сөзі бар», - деген ол жоба авторлары арқылы оқырмаған үш кітап ұсынды.

«Өз тарапымнан жастарға үш кітап ұсынсам ба деген ниетім бар. «Бір кітап аздау шығар» деп үш кітап ұсынып отырмын. Біріншісі – Нобель сыйлығының лауреаты Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» романы. Бұл романды әсіресе жастарға ұсынамын. Жалпы, «Шал мен теңіз»  менің түсінігімде әлемдік әдебиеттегі ең терең шығарманың бірі әрі әлемдік шығармалардың бірі де бірегейі деп айтсақ орынды болатын шығар. Бұл романдағы ең негізгі мәселе – жасы келген адамның өз өміріне қорытынды жасауы, өз өміріне бір баға беруі. Және де «өмірде ең маңызды нәрселер не?» деген сұраққа жауап беруі. Әрбір жас адам өзінің дүниетанымын қалыптастыру үшін, дамыту үшін Хемингуэйдің осы және өзге де романдарын оқыса екен деймін», - дейді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ сенатор жастарға дүниетаным мен сыни ойлау қабілетін жақсартатын шығармалар ретінде Юваль Ной Хараридің «Sapiens» кітабы мен замандасы Фредерик Старрдың «Өз заманының генийлері. Ибн Сина, Бируни және ұмытылған ұлылық» атты кітабын ұсынған.

Серіктес жаңалықтары