23.04.2025, 12:05
Қоғам
Марат Бекетаевтың ісі бойынша Әділет министрлігінің екі қызметкері сотқа шақырылған
Олар куәгер ретінде жауап береді
Фото: Informburo.kz
Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың ісі сотта қаралып жатыр. Әділет министрлігінің екі қызметкері сотқа куәгер ретінде шақырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Мәжіліс кулуарында әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты.
«Менің білуімше, іс сотта жатыр. Министрліктің екі қызметкері куәгер ретінде сотқа шақырылған», - деді ол.
Сәрсембаев нақтылағандай, Әділет министрлігінде қазір істеп жүрген қызметкерлердің ешқайсысы Бекетаевпен бірге күдікті не айыпталушы ретінде істі болып жатқан жоқ.
Экс-министр Марат Бекетаев 2023 жылдың соңында қамауға алынған болатын. Оған лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған. Бекетаев елден қашып бара жатқан жерінен ұсталған.
Көп оқылған
02.07.2026, 14:58
Алакөлде қайғылы оқиға: суға батқан анасы мен қызын құтқарушылар жағаға алып шықты
02.07.2026, 16:29
Жол ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатпақ болған: қаза тапқан полицей жайлы тың мәлімет жарияланды
02.07.2026, 12:29
Түркістан облысында полиция капитаны қызмет барысында қаза тапты