СҚО-да зейнетке шыққан 295 ұстаздың әрқайсысы кенеттен 127 мың теңгеге ие болды
Прокуратура араласпағанда олар бұл өтемақыны ала алмайтын еді

Солтүстік Қазақстан облысында зейнетке шыққан 295 ұстазға мектеп директорлары өтемақы төлемей қойған. Іске прокуратура араласқан соң осы ұстаздарға жалпы 37,6 млн теңге, яғни, әрқайсысына орташа есеппен 127 мың теңге өтемақы төленген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, Еңбек кодексінің 52-бабына сай зейнетке шыққан мұғалімдер жұмыс орындарынан өтемақы алу керек.
«Айыртау, Мүсірепов, Есіл, Жамбыл, Жұмабаев, Қызылжар, Шал ақын, Тайынша, Уәлиханов аудандары мен Петропавл қаласындағы жалпы білім беру мекемелерінің лауазымды тұлғалары зейнет жасына жеткен 295 қызметкермен келісімшартты тоқтатқан. Бірақ, 37,6 млн теңге көлемінде өтемақы бермеген», - деп хабарлайды прокуратура.