Босанған әйелдің денесі жертөледен табылған Шу перзентханасына шенеуніктер енді жетті
Аймаққа денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев барды

Бұған дейін жазғанымыздай, наурыз айында Жамбыл облысы Шу қалалық перзентханасында 26 жастағы Әдемі Ешенәлиева сәбиімен қоса жұмбақ жағдайда көз жұмған. Оның күйеуі әйелінің мәйітін аурухананың жер төлесінен тауып алдым деген еді. Осыдан кейін денсаулық сақтау министрлігі тексеру бастап, бірқатар дәрігерлерді жұмыстан шығарған, деп жазады
Осы дәрігерлердің жұмыстан шыққанын хабарлаған ДСМ өңірге вице-министрді жіберіп, ол Жамбыл облысындағы босандыру қызметінің мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізеді деген еді.
Күні кеше Жамбыл облысына денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев жетіп, Шу перзентханасына барған.
«Вице-министр Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасына барып, әйелдің өліміне әкеп соққан жағдайға егжей-тегжейлі талдау жасады», - деп хабарлады ДСМ-ның баспасөз қызметі.
Бірақ, министрлік нақты қандай талдау жасалғанын хабарлаған жоқ.