Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне келген жастар стадионның қоқысын тазалап кеткен
Осы жылдың басты бокс кештерінің бірі «Барыс Арена» спорт кешенінде өтті

Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өткен «Battle of the Brave» бокс кешінен кейін жастар мен еріктілер стадионды қоқыстан тазалап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, соңғы жылдары Астана жастары арасында осындай үрдіс жақсы дамып келеді. Яғни, әртүрлі мәдени-спорт шараларына жиналған халық әдемі кештен кейін отырған жерлерін тазартып, тазалыққа мән бере бастаған.
«Мұндай игі бастама Астанада барған сайын жақсы дамып келеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары «Таза Қазақстан» ауқымды экоакциясын белсенді түрде қолдайды», - деп хабарлаған Астана әкімдігінің ресми сайты.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа жіберіп, чемпиондық белбеулерін қорғаған болатын.