$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.06.2020, 09:14
Қоғам

Орталық Азиядағы көршілес елдер ұн мен бидайдың 90%-ын Қазақстаннан импорттайды

Биыл елімізде 13 млн тонна бидай жиналады деген болжам бар

Орталық Азиядағы көршілес елдер ұн мен бидайдың 90%-ын Қазақстаннан импорттайды
Фото: ашық дереккөзден

Пандемияға байланысты Қазақстан бидай экспортына квота белгілеген еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде, оңтүстік аймақтағы көршілерімізде ұн тапшылығы сезілді. Бұл жөнінде Дүниежүзілік банктің ауылшаруашылық жөніндегі жетекші экономисі Сергий Зоря онлайн-брифингте мәлімдеді. Экспорттық шектеу елдегі азық-түлік қауіпсіздігі мақсатында қойылған болатын. Сонымен бірге банк сарапшылары Орталық Азиядағы ауылшаруашылық өнімдерін саудалауды жаңа жүйеге ауыстыру керек екенін айтты. 

«Қазақстаның экономикалық әлеуеті жоғары. Сондықтан елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экспортқа шектеу қоюға міндетті емес деп ойлаймын. Биыл Қазақстанда 13 млн тонна бидай жиналады деген болжам бар. Өткен жылы 11 млн тоннадан астам болған. Егер астық түсімі болжамға сәйкес болса, осы жылы экспорт 2 млн тоннаға артуы мүмкін», - деді Дүниежүзілік банктің ауылшаруашылық жөніндегі жетекші экономисі Сергий Зоря.

Серіктес жаңалықтары