$ 495.95  524.37  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.06.2020, 13:39
Қоғам

БҚО-да коронавирустан қайтыс болған науқас Теңіз кенішінде жұмыс істеген

53 жастағы азамат «Теңізшевройл» ЖШС кен орнында вахталық әдіспен жұмыс істеген

БҚО-да коронавирустан қайтыс болған науқас Теңіз кенішінде жұмыс істеген
Фото: ашық дереккөзден

Кеше Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырған 41-ші адам көз жұмды. Ол 1967 жылы дүниеге келген Батыс Қазақстан облысының тұрғыны. 53 жастағы науқас «Теңізшевройл» ЖШС кен орнында вахталық әдіспен жұмыс істеген. БҚО Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.

«Тест екі рет теріс нәтиже көрсеткен. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Кейін реанимация бөліміне жатқызылды. Алайда, реанимациялық шараларға қарамастан, 30 мамырда биологиялық өлім анықталды. Ілеспе аурулары болмаған», - делінген хабарламада.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 11 мыңнан асты. Ал, қауіпті індеттен жазылып шыққандар саны - 5404.

Серіктес жаңалықтары