$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.03.2025, 17:10
Қоғам

Демократиялық моральдық деп жүрген құндылықтар мемлекеттердің ішкі ісіне ашық араласуы белең алды - Тоқаев

Ол АҚШ президенті Дональд Трамптың реформасына қолдау білдірді

Демократиялық моральдық деп жүрген құндылықтар мемлекеттердің ішкі ісіне ашық араласуы белең алды - Тоқаев
Фото: Ақорда

Бүгін Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЛГБТ қозғалысы мен оған қарсы Трамптың саясаты туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жаһандану үдерісінің мән-маңызы жоғалып барады. Мемлекеттік ұлтшылдық, ықпал жүргізетін аумақтарды бөліске салу, әлемдік саясатта аймақтарға бөліну үрдісі алдыңғы қатарға шықты. Демократиялық моральдық делініп жүрген құндылықтар, оның ішінде ЛГБТ көптеген елге ондаған жыл бойы күшпен таңылып, соның желеуімен халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар арқылы мемлекеттердің ішкі ісіне ашық араласу белең алды. Оның түпкі мақсаты бар болғаны ұрлық, яғни сан миллиардтық бюджетті қалтаға басу екен», - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, рамп бастаған Америка әкімшілігінің қазіргі реформасы қолдауға лайық.

«Даму мен демократия», «адам құқықтары», «баспасөз бостандығы», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» деп ұрандатып жүргендердің бәрінің дерлік жеке байлығы жалақысының мөлшеріне еш сай келмейді. Сондықтан Президент Трамп бастаған Америка әкімшілігінің жаппай қызмет бабын асыра пайдалануға қатысты оқиғаларды анықтауға және «тұңғиық мемлекет» ұғымына тән саяси екіжүзділікті әшкерелеуге, дәстүрлі моральдық құндылықтарды қалпына келтіруге бағытталған жұмыстары қолдауға лайық», - деді президент.

Серіктес жаңалықтары