Ұлттық құрылтайда аутизмге шалдыққан сәбилер туралы сөз қозғалды
Тоқаев Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар әрбір баланың толыққанды білім алуға мүмкіндігі болуы керегін атап өтті

Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдерді аутизм дертіне ұшыраған балаларға арналған оңалту орталықтарын арттыруға атсалысуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бұдан бөлек, әрбір облыс орталығында ерекше қажеттілігі бар, соның ішінде аутизмге шалдыққан балаларды оңалту және дамыту орталықтарын құру керек. Өкінішке қарай, дүние жүзінде осындай диагнозы бар балалардың саны жылдам өсіп барады. Мұндай жағдай Қазақстанда да бар. Демеушілердің және «Қазақстан халқына» қорының көмегімен осы маңызды жұмыста белгілі бір ілгерілеу бар. Үкімет пен әкімдер бұл шаруаны жандандыруы қажет», - деді ол.
Президент жыл соңына дейін осындай балаларға жан-жақты қолдау көрсету ісін реттейтін жаңа заң әзірлеуді тапсырды.