$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бұл мәселені ерекше бақылауда ұстаймын»: Тоқаев мемлекеттік органдарға тапсырма жүктеді

Жасанды интеллектіні қолдану бюджет қаражатын үнемдей алады

«Бұл мәселені ерекше бақылауда ұстаймын»: Тоқаев мемлекеттік органдарға тапсырма жүктеді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайдағы Ұлттық құрылтайдың отырысында жасанды интеллектіге қатысты құзырлы органдарға бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен жаппай цифрландыру мен жасанды интеллектіні барлық салаға кеңінен енгізу мәселесіне үнемі назар аударамын. Қазір қай елдің жаңа технологияларды өз пайдасына жарата алатыны, қай елдің көш соңында қалатыны анықталып жатқан шешуші кезеңге қадам бастық. Экономиканың барлық саласы және еңбек нарығы жасанды интеллектінің тікелей қатысуымен түбегейлі өзгеріп жатыр. Адамзат тіршілігінің мәні мен қалыбы басқаша сипат алып барады. Осы орайда инновациялар экономикасы деген жаңа құбылыс пайда болды. Онда өзгеше ойлау қабілеті, шығармашылық тұрғыдағы жаңашылдық және әлеуметтік дағдылар алдыңғы қатарға шығады», - деді Тоқаев.

Президент атағандай, жасанды интеллектіні қолдану бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін барынша арттыруға, салық және кеден ісін жүргізудің сапасын жақсартуға, мемлекеттік сатып алу саласын оңтайландыруға, сондай-ақ азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл үрдістерінің бәрін одан әрі жеңілдетуге мүмкіндік береді.

«Құзырлы мемлекеттік органдар сарапшылармен және ІТ-мамандармен қоян-қолтық жұмыс істей отырып, артық шығындарды азайтуға, барлық саланың ашықтығын қамтамасыз етіп, өнімділігін арттыруға арналған тың тәсілдер іздеп тауып, оны қолданысқа енгізіп отыруға тиіс. Мен бұл мәселені ерекше бақылауда ұстаймын», - деді ол.

 

 

Серіктес жаңалықтары