28.02.2025, 14:10
Қоғам
Оқу-ағарту министрлігі TikTok-ты шектеу туралы бастаманы қолдауға дайын
Депутаттар балалар үшін әлеуметтік желіні шектеуді ұсынған болатын
Фото: pixabay
Оқу-ағарту министрлігі елімізде TikTok желісіне қатаң шектеу қою туралы ұсынысты қолдайды. Бұл туралы бүгін оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, осы әлеуметтік желіні ойлап тапқан Қытайдың өзінде балаларға TikTok-та отыруға тәулігіне 40 минут қана уақыт беріледі. Бұған қоса бала білім және дамытатын контентті ғана қарай алады.
Осыған байланысты министрлік Мәжіліс депутаттарының кәмелет жасына толмаған балалар үшін TikTok-ты қатаң шектеу туралы ұсынысын қолдайды.
«Құқықтық алаң аясында, әрине, біз мұндай бастамаларды қолдайтын боламыз», - деді Жұмаділдаева Сенат кулуарында.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)