$ 499.22  519.14  5.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.02.2025, 14:26
Қоғам

Жетісуда түрмеден қорыққан әкелер балаларына 19 млн теңге «қарызын» толық төлеп берген

Бірнеше адам балаларына әдейі алимент төлемеген

Жетісуда түрмеден қорыққан әкелер балаларына 19 млн теңге «қарызын» толық төлеп берген
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Жетісу облысының прокуратурасы балаларына алимент төлемеген азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тарта бастағанда, бес жыл бойы борышын өтемей жүрген бірнеше адам жазадан қорқып, балаларының алдындағы «қарызын» бірден жауып тастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, Панфилов ауданында тұратын 3 адам бес жылдан астам уақыт балаларына алимент төлемеген. Олардың жалпы қарызы 19 млн теңгеден асқан.

«Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымен, бұл шаралар тиімді нәтиже бермеген. Сондықтан прокурорлар ҚР ҚК-нің 139-бабына сәйкес (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) қатаң шаралар қабылдап, қылмыстық жауапкершілікке тарта бастады.  Сотқа дейінгі тергеу барысында 19 миллион теңге көлеміндегі берешек толығымен өтелді, содан кейін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істер тоқтады», - деп хабарлайды прокуратура.

Жалпы, 2024 жылы 3 адам сотталса, алимент төлемеген тағы 50 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Серіктес жаңалықтары