$ 499.22  519.14  5.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.02.2025, 12:33
Қоғам

«Қазақмыс» шахтасындағы апат: бүгін түсте комиссия жұмысын аяқтайды

«Жомарт» кеніші әлі де тоқтап тұр

«Қазақмыс» шахтасындағы апат: бүгін түсте комиссия жұмысын аяқтайды
Фото: freepik.com

Ұлытау облысында «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жомарт» кенішінде болған апаттың себептерін анықтау бойынша құрылған комиссия бүгін жұмысын аяқтайды. Бұл туралы төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Вице-министр жеті адамның өмірін қиған апат бойынша 18 ақпанда үкіметтік комиссия құрылғанын еске салды.

«Сотқа дейінгі тергеу басталды. Апаттың алдын ала себебі – табиғи газдың жарылуы. Комиссия мүшелерімен бірге апат орнын тексердік, «Қазақмыс» корпорациясының қызметімен таныстық. Қаза тапқандардың отбасыларымен кездестік. Тергеу аясында жеті комиссия құрылды. Қазір шахтаның жұмысы тоқтатылған. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Бүгінгі уақытта комиссия өзінің жұмысын бітіріп, бүгін түстен кейін Үкіметте баяндайды. Қорытындысы қабылданған соң, жақын арада халыққа да, өздеріңізге де жеткізіледі деп ойлаймын», - деді Тұрсынбаев Сенатта өткен парламенттік тыңдауда депутаттардың сұрағына жауап беріп.  

Естеріңізге салайық, Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде 17 ақпанда төтенше жағдай болып, жеті кенші қаза тапқан. Шахта «Қазақмыс» корпорациясына қарайды.

Серіктес жаңалықтары