Қатонқарай мен Зайсандағы әуежай құрылысына қанша ақша бөлінеді
Қазір құрылыс маусымына дайындық жүргізіліп жатыр

Үкімет отырысында көлік вице-министрі Талғат Ластаев Қатонқарай мен Зайсанда әуежайлар салынуына қанша қаражат қарастырылып отырғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында өңірлік шағын авиацияға арналған жаңа әуежайлар жобалары жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта құрылыс маусымына қажетті дайындық шаралары жүргізіліп отыр. Үш әуежайдағы ұшу-қону жолағының параметрлері – 2 200 х 35 метр, жобалардың жалпы құны – 117,7 млрд теңге», - деді Ластаев.
Оның айтуынша, бұл әуежайларда ATR-72, Q-400 Bombardier сияқты сыйымдылығы 74 орынға дейінгі өңірлік ұшақтарды пайдалану жоспарланып отыр
«Бұл әуе кемелері (3 ұшақ) өнеркәсіпті дамыту қорының механизмдері арқылы сатып алынады. 4 Басты міндет – Алматы, Астана және басқа да ірі қалалардан осы әуежайларға тікелей, халыққа қолжетімді әуе қатынасын ұйымдастыру», - деді Ластаев.