$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.02.2025, 17:25
Қоғам

Түркістанда 19 жастағы қызы анасына бауырын беріп, оны ажалдан арашалап алды

48 жастағы келіншек ұзақ уақыттан бері бауыр циррозы

Түркістанда 19 жастағы қызы анасына бауырын беріп, оны ажалдан арашалап алды
Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облысының дәрігерлері аймақта алғаш рет адамның бауырын ауыстырып, 48 жастағы келіншекке операция жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Науқас Ульяна Нұрметова, 48 жаста, бауыр циррозы ауруымен ауырды. 2019 жылдан бастап гастроэнтерологтың бақылауында болды, оған Child-Turcotte-Pugh жіктемесі бойынша В класты вирус этиологиялы бауыр циррозы диагнозы қойылған. Амбулаторлық және стационарлық ем қабылдап жүрген. Ауруы порталдық гипертензиямен, ісінумен, гиперспленизм синдромымен асқынып, науқастың жағдайын қиындата түсті. Ұзақ уақыт емделсе де, жағдайы нашарлап, оның өмірін тек трансплантация құтқаратын болды», - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ульяна Нұрметоваға оның 19 жастағы қызы Эльвира өз бауырын берген. Дәрігерлер қазір донордың да, науқастың да жағдайы тұрақты дейді.

«Науқастың 19 жастағы қызы Эльвира Сахавитдинова анасына донор болды, ол жан-жақты медициналық тексеруден өтті. Операцияны Түркістан облыстық клиникасының базасында ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары академик Б. Баймахановтың жетекшілігімен өткізді. Қазір науқас дәрігерлердің бақылауында. Отадан кейінгі кезең ауыр асқынуларсыз өтіп, трансплантацияланған органның қызметі біртіндеп тұрақталып келеді», - деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары