Жер координаттарын дәл анықтайтын Қазақстан мамандарын жалғыз Абай облысы оқытып отыр
Аэрофотогеодезия саласында мамандар даярлайтын жалғыз колледж Абай облысында жұмыс істеп тұр
![Жер координаттарын дәл анықтайтын Қазақстан мамандарын жалғыз Абай облысы оқытып отыр](https://azattyq-ruhy.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/13/67ada4bbbba00606988416.jpeg)
Абай облысы білім басқармасының жоғары колледжі геодезия, картография және құрылыс саласында мамандар даярлайды. Бұл - елдегі аэрофотогеодезияны оқытатын жалғыз мамандандырылған оқу орны, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сүйенсек, аэрофототүсірілім және геодезиялық әдістердің көмегімен жер бедерінің карталары, цифрлық рельеф модельдері және ортофотопландар жасалады. Дрондардан, ұшақтардан және спутниктерден алынған кескіндерді өңдеу жер бетінің координаталық деректерін дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Биыл бұл колледжге 650 студент оқуға түскен.
Колледж халықаралық серіктестермен белсенді жұмыс істейді. Таяу шетелдің оқу орындарымен білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.