10.02.2025, 12:37
Қоғам
Астана LRT бір станциясы толық салынып бітті: ғимараттың іші қандай (ВИДЕО)
Екі қабатты ғимараттың құрылысы аяқталған
Фото: видеодан скриншот
Астана халықаралық әуежайы маңындағы LRT станциясының құрылысы аяқталып, дайын тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Блогер Ерлан Сәкенов станцияның ішінен видео жариялады.

«101-станция екі қабат ғимарат. Бірінші қабатында жүкті, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған екі лифт бар. Кабинкалардың іші жарық, кең. Бірінші қабаттағы кеңістікте кейін касса, турникеттер пайда болады. Коммерциялық нысандар да іске қосылуы мүмкін. Станцияда 4 эскалатор бар», - дейді ол.

Еске салсақ, осыған дейін қала әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысы осы жылы жазда толығымен аяқталып, қыркүйекте алғашқы пойыздар жететінін айтқан еді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді