$ 506.43  522.43  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.02.2025, 12:05
Қоғам

Қостанайда зейнет жасына толған мұғалімдер өз құқықтарын білмей, 38 млн теңгеден қағылған

Жұмыс берушілер олардың келісімшарттарын екіжақты тарапта бұзылды деп санаған

Қостанайда зейнет жасына толған мұғалімдер өз құқықтарын білмей, 38 млн теңгеден қағылған
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қостанай облысының прокуратурасы зейнет жасына жеткен 350 мұғалім өз құқықтарын білмеген соң 38 млн теңге өтемақыдан қағылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өйткені, прокуратура хабарлағандай, жұмыс берушілер зейнетке толғанда төленетін кепілді өтемақыны төлемеу үшін олардың келісімшарттарын «екіжақты тараптың келісімі» бойынша бұзған.

«Барлығы 350 қызметкер анықталды, оларға 38 миллион теңгеден астам өтемақы төленбеген. Сонымен қатар, білім бөлімдері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтарға іссапар шығындарының төленбегені анықталды. Конституциялық құқықтары бұзылған және 185 миллион теңгеден артық ақша төленбеген 1,8 мыңнан астам педагог анықталды», - деп хабарлайды облыстың прокуратурасы.

Серіктес жаңалықтары