Шымкентте әйелі қайтыс болған ер адам баласына үйдің үлесін бермегені үшін сотталып кетті
Баспана марқұм әйелдің атына рәсімделген екен
Шымкент қаласында қайтыс болған әйелдің күйеуі марқұмның үйін толық өз атына жаздырып алғаны үшін 3 жылға шартты түрде сотталды. Ал заң бойынша, үйдің бір жартысы олардың кәмелет жасына толмаған баласына тиесілі еді, деп жазады Azattyq Rýhy.
Прокуратура мәселені талдай отырып, ер адам нотариус арқылы үйдің құжаттарын тек өз атына ғана рәсімдеп алғанын анықтаған.
«Ол кәмелет жасына толмаған баласына тиесілі үлесті заңсыз иемденіп алған. Прокуратураның талап арызы бойынша сот нотариалдық іс-әрекеттерді заңсыз деп танып, баланың мұрагерлік құқығын қорғады. Әкесі алаяқтық фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен жауапқа тартылып, сот 3 жылға бас бостандығынан шектелді», - деп хабарлайды қаланың прокуратурасы.