$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.01.2025, 13:25
Қоғам

«Тасқын кезінде не істеу керек?» Депутат халыққа ең қажетті ақпаратты еш жерден таба алмаған

Табиғи апат кезінде адамдарға бағыт-бағдар беретін нұсқаулық қажет дейді сенатор

«Тасқын кезінде не істеу керек?» Депутат халыққа ең қажетті ақпаратты еш жерден таба алмаған
Фото: видеодан скриншот

Парламент Сенатының депутаты Жақып Асанов мемлекеттік органдарға су тасқыны кезінде азаматтардың не істеу керек екені жазылған нұсқаулық әзірлеуге кеңес берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Депутаттың айтуынша, үйін су басқан тұрғындар мұндай кезде қалай әрекет ету керек екенін білмей жатады.

«Басты сұрақ – тасқын болғанда жұрт не істеуі керек? Мен осыған байланысты министрлік инструкция, алгоритм жасады деп естіген едім. Бірақ кеше соны интернеттен ұзақ іздеп таба алмадым. Google арқылы да, заңдар базалары арқылы да, Параграфта да жоқ, тіпті министрліктің сайтында да болмай шықты. Сонда егер сол құжат халыққа арналған болса, неге ол қолжетімді емес деген сұрақ туындайды? Бұл не деген құпиялық? Таппаған соң, нұсқаулықты беріңізші деп министрлікке жүгіндік. Сөйтіп оны екі-үш сағаттан кейін алдық. Тапқынана қуандық. Бірақ қарасақ, ол халық үшін емес, мемлекеттік органдарға арналған жай құжат болып шықты. Адамдардың апат кезінде не істеу керегі жайлы ештеңе жоқ», - деп қапаланды Асанов Сенатта өткен үкімет сағатында.

Сенатор халыққа арналған алгоритмнің қандай тілмен, қалай жазылғанын көріп шықпақшы болған.

«Бірақ мүмкіндік болмады, ондай құжат жоқ болып шықты. Ал жұртқа соны дұрыс жеткізбесек, әрине айқай-шу, дүрбелең болады. Сондықтан осы жағын да ретке келтіру керек», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары