$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 14:03
Қоғам

Әлеуметтік желідегі ұтыстың бәрі заңсыз – министрлік 101 тұлғаны жазалаған

Былтыр туризм министрлігі оларға 43 млн теңге көлемінде айыппұл салған

Әлеуметтік желідегі ұтыстың бәрі заңсыз – министрлік 101 тұлғаны жазалаған
Фото: Айнұр Тұрсынбаеваның ұтыс ойынынан скриншот

Былтыр Қазақстанда 101 жеке тұлға әртүрлі орындарда құмар ойын өткізгені үшін 43 млн теңге көлемінде айыппұл төлеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы бүгін туризм және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаев мәлім етті. Ол өз сөзінле әлеуметтік желіде ешкім ұтыс өткізе алмайды дегенді алға тартты. Айта кетейік, қазір Қазақстанда блогерлердің көбі аудитория тарту үшін әртүрлі ұтыс ұйымдастырып тұрады.

«2024 жылы Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті 7 букмекерлік кеңсеге, 3 ойын автоматтары залына және 1 казиноға, лотерея операторына тексеріс жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша, 1 букмекер лицензиядан айырылды, 4 букмекерге, 2 ойын автоматтары залына және лотерея операторына 8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. 101 жеке тұлға жауапкершілікке тартылып, 43 млн теңгеге көлемінде айыппұл төледі. Заңсыз лотереяны ұйымдастырудың 40 фактісі бойынша материалдар жинақталуда. Елімізде лотереяны «Сәтті жұлдыз» компаниясы ғана ұйымдастыруға құқылы. Әлеуметтік желілердегі ұтыстардың барлығы да заңсыз», - деді ол.

Айта кетейік, дәл осы министрлік бізге көктемде ақын Айнұр Тұрсынбаева мен блогер Фариза Төрәлінің ұтыс ойындарынан заңсыздық таппағанын айтқан болатын. 

 

Серіктес жаңалықтары