24.01.2025, 14:00
Қоғам
Қазақстанда тірі қалған 120 ардагердің әрқайсысына 5 млн теңге беріледі
Бұл туралы бүгін үкіметтегі брифингте еңбек вице-министрі айтты
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
Бұған дейін хабарлағынымыздай, 1941-1945 жылдардағы соғысқа қатысқан 120 ардагер қалған. Жеңістің 80 жылдығына байланысты әкімдер олардың әрқайсысына 5 млн теңгеден береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы бүгін үкіметте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин мәлім етті.
«Бұл төлем жергілікті бюджеттен төленеді. Бір реттік төлем. Ел бойынша шамамен 120 ардагер қалған. Олардың әрқайсысына 5 млн теңге төленеді», - деді ол.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді