$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.01.2025, 14:15
Қоғам

Техникалық маман иелеріне арналған ипотекалық бағдарламаның бастапқы жарнасы төмендейді

Жаңа бағдарлама «Наурыз жұмыскер» деп аталады

Техникалық маман иелеріне арналған ипотекалық бағдарламаның бастапқы жарнасы төмендейді
Фото: istockphoto.com

Биыл 17 наурызда іске қосылатын «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламасының талаптары қайта қаралып жатыр. Елімізде тапшы техникалық маман иелерін баспанамен барынша қамту үшін бастапқы жарна мен кредит беру мерзімі өзгермек. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылыс істері және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, жаңа бағдарламаның шарттары қолданыстағы «Наурыз» бағдарламасымен сәйкес келеді.

«Бірақ ол қазір елімізде тапшы болып отырған техникалық мамандық иелеріне арналған. Сол себепті бағдарламаның шарттары жеңіл әрі қолайлы болады. Жаңа ипотеканың артықшылығы – бастапқы жарна мен кредит беру мерзімін қайта қарастырып жатырмыз. Қазір бастапқы жарнаны төмендетуді ойлап отырмыз. Оның сомасы қандай пәтерді сатып алатынына байланысты болады. Қара сылақтағы, яғни әрленбеген үйді ала ма, әлде әрленген пәтерді таңдай ма, соған қарай құбылады. Жаңа шарттар бекітілгеннен кейін қосымша ақпарат береміз», - деді Жүнісбеков үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетері, «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы аясында жұмысшы мамандықтар өкілдеріне 72 млрд теңге көлемінде 2 440 несие беру жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары