$ 522.42  543.89  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 09:27
Қоғам

Биыл Қазақстандағы бір тыл еңбеккері 8 376 теңге көлемінде жәрдемақы алады

Жәрдемақысы ең көп ардагерлер – 1941-1945 жылдардағы соғыс ардагерлері

Биыл Қазақстандағы бір тыл еңбеккері 8 376 теңге көлемінде жәрдемақы алады
Фото: Azattyq ruhy

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 85 203 ардагер өмір сүреді. Олардың ішінде 1941-1945 жылдардағы соғысқа қатысқан ардагерлердің саны 120 адам, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, биыл осы 120 ардагер ай сайын мемлекеттен 62 912 теңге көлемінде жәрдемақы алады.

Ал елімізде соғыс ардагерлеріне теңестірілген 16 983 адам, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарға қатысқан 26 506 ардагер, соғыс жылдарында тылда еңбек еткен 41 594 тыл ардагері бар.

«2024 жылы осы ардагерлерге жәрдемақы төлеу үшін 16,7 млрд теңге жұмсалған. 2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған.Соның ішінде, 120 соғыс ардагері 2025 жылы – 62 912 теңге, соғыс ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер 27 875 теңге, соғысқа қатысқан адамға теңестірілген тұлғалар 24 339 теңге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарға қатысқандар, яғни,  Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар 24 339 теңге,  Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер –18 874 теңге, соғыс  жылдарындағы тыл еңбеккерлері –8 376 теңге көлемінде жәрдемақы алады», - деп хабарлайды еңбек министрлігі.

Серіктес жаңалықтары