23.01.2025, 17:15
Қоғам
Астанада үш мыңға тарта студент жұмыспен қамтылды
Осылайша, аспаз, техник, коммуникация мамандары жұмысқа тұрған
Фото: қалалық білім басқармасы
Астанада бірқатар колледждер мен ірі кәсіпорындар өзара келісімге келіп, Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, бұл шара «АМАNАТ» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының Астана қалалық филиалының ықпалымен жүзеге асқан.
Құжатқа сай, Астана қаласындағы «ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжі», «Технологиялық колледжі», «Техникалық колледжі», «Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі», «Жоғары көлік және коммуникациялар колледжі», «Құрылыс-техникалық колледжінің» студенттері енді қаладағы ірі кәсіпорындарда жұмыс істей алады.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді