Ұлдардан қарағанда, қыз балалар үйінен жиі кетіп қалады – Жамбыл облысының полициясы
Былтыр облыс бойынша 317 бала үйінен кетіп, қайта табылған
Жамбыл облысының полициясы аймақта жасөспірімдер арасында ұл балалардан қарағанда, қыз балалар үйінен жиі кетіп қалатынын мәлім етіп, нақты цифрлар ұсынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, былтыр Жамбыл облысында 317 бала үйден кетіп қалған.
«Бәрі қысқа уақыт ішінде табылғанымен, оларды іздеуге үлкен күш пен ресурс кетеді. Ұл балалардан қарағанда, қыз балалар үйінен жиі кетеді», - дейді полицейлер.
Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Қалышевтың пікіріне сенсек, аймақтағы балалар серуендеп келемін, көрші ауылға барып келемін деп үйлерінен шығып кетеді екен. Дегенмен, балалар көбінесе ата-анасымен келіспей кететін жайт көп дейді ол. Жоғалып, қайта табылған балалардың арасында үйінен адасып кеткен және сағаттың тым кеш болғанын байқамай, үйіне кеш оралған балалар бар деп хабарлады облыстық полиция департаменті.