$ 522.42  543.89  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 17:10
Қоғам

Ең төменгі жалақымен бірдей: Қазақстандағы имамдардың орташа айлығы 85 мың теңге болып шықты

Жалақы садақадан жиналған ақшадан төленеді

Ең төменгі жалақымен бірдей: Қазақстандағы имамдардың орташа айлығы 85 мың теңге болып шықты
Фото: depositphotos.com

Қазақстанның мешіттерінде қызмет ететін имамдардың орташа айлық жалақысы 85 мың теңге екен. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Azattyq Rýhy редакциясының ресми сауалына берген жауабында айтты.

ҚМДБ дерегіне сүйенсек, еліміздегі 2 888 мешітте барлығы 5033 дін қызметкері еңбек етеді. Олардың қатарына бас имам, имам, наиб имам, азаншы, мешіт ұстазы және молда кіреді. Соңғы бес жылда жаңа мешіттер көптеп ашылғанына байланысты имамдардың саны да өскен. Десе де олардың барлығы бірдей жоғары білімді маман емес. Мүфтият атап өткендей, халық саны аз ауылдық мешіттерде арнайы орта және діни курстарды бітірген дін қызметкерлері жұмыс істейді.

Имамдардың орташа жасы 43 жасты құрайды екен. Ал олардың орташа айлық жалақысы республикадағы ең төменгі жалақыға –  85 мың теңгеге тең.

«Жалпы (ауыл, аудан, қала) дін қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 85 мың теңгені құрайды. Кейбір мешіттерде айлық жалақы алмайтындар, ал кейбір ауылдық мешіттерде тұрақты жалақы алмайтын дін қызметкерлері бар», - дейді ҚМДБ.

Жалақы мешітке садақадан түсетін ақшадан төленеді. Садақа, сонымен қатар, мына мақсаттарға жұмсалады:

  • жалақы салығына;  
  • коммуналдық шығындарға;
  • қайырымдылық көмекке;
  • іс-шара шығындарына;
  • шаруашылық шығындарға;
  • оқыту шығындарына;
  • іс-сапар шығындарына;
  • әлеуметтік салықтарға;
  • банк қызметіне;
  • сақтандыруға.

Алайда редакцияның әр өңірдің орталық мешітіне орта есеппен айына қанша теңге садақа түседі деген сұрағын ҚМДБ жауапсыз қалдырған.

Серіктес жаңалықтары