Мектепте әскери дайындықтан өткен әр бала әскерге барады дегенді білдірмейді – депутат
Ол «Жас сарбаз» сыныптары бұрыннан бар екенін еске салды

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Айдос Сарым мектептерге әскери дайындық сабақтарының қаншалықты керегі бар деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әрбір мектепте әскери дайындық сыныптарын ашуға мүмкіндік жасалған. «Жас сарбаз» сыныптары бұрыннан бар. Біз қазір соны сараптап қарай бастадық. Әскери тәрбие алған бала болашақта міндетті түрде әскерге барып, полицей немесе шекарашы болып кетпейді. Әскерге баратын жастар қайта біршама дайындықпен келетін болады, кем дегенде калашников автоматын шашып, жинай алатын дәрежеде болады», - дейді ол.
Айдос Сарым бұл заң нормасының жүзеге асқанын әскери техникалық мектептер, әскери білім берумен айналысатын ұйымдар асыға күтіп отырғанын жеткізді.