$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мектептегі жемқорлық: Жұлдыз Сүлейменова бухгалтерлерді ауыздықтау мәселесін көтерді

Ол комплеанс қызметі орта білім саласына енгізілетінін сұрады

Мектептегі жемқорлық: Жұлдыз Сүлейменова бухгалтерлерді ауыздықтау мәселесін көтерді
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова палатаның жалпы отырысында білім саласындағы жемқорлық мәселесін көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Орта білім саласындағы сыбайлас жемқорлық туралы сұрақ қойғым келеді. Мұғалімдердің айлық жалақысын төлеуде сыбайлас жемқорлыққа жол берген заңсыздықтарды, бухгалтердің заңсыз әрекеттерін ауыздықтау үшін Сыбайлас жемқорлық агенттігі, Оқу-ағарту министрлігі, жергілікті әкімдіктер өте қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Біз әрине қолдаймыз. Оны ауыздықтау қажет. Заңды да қолдаймыз», - дейді Сүлейменова.

Депутат Антикордан орта білімде мұғалімдердің айлық жалақысындағы заңсыздықтарға жол бермес үшін қандай нормалар қарастырылғанын сұрады.

«Комплаенс қызметін орта білім саласында білім басқармаларында, орта мектептерде, жалпы білім ұйымдарына енгізу механизмі қарастырылған ба? Орта білім саласындағы бухгалтерлердің заңсыз әрекетіне байланысты қандай қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр?» - деді ол.

Антикор төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов бұл жұмыс қалай жүзеге асатынын жеткізді.

«2021 жылғы жолдауда президент тұрмыстық жемқорлықты жоюға қатысты тапсырма берді. Сондықтан осы бағытта барлық мәлімет қарастырылған. Білім саласында көп қылмыстық іс болды. Айта кетерлігі, 2024 жылмен салыстырғанда көрсеткіш азайып келеді. Біз оны әкімдікпен, жауапты министрлікпен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Сондықтан қазір профилактикалық жұмыс жүргізіліп, әртүрлі шара қолданып жатырмыз. Аталмыш заңның төртінші бөлігінде осы сұрақтар көзделген», - дейді Ұлан Сарқұлов.

Серіктес жаңалықтары