Өз басым жемқорлыққа тап болған емеспін - депутат Елнұр Бейсенбаев
Ол барлық мәселені заң аясында шешу керек деп отыр

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев қандай қызмет атқарса да жемқорлықпен бетпе-бет келмегенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тұрмыстық жемқорлықпен бетпе-бет кездеспедім. Себебі өмір бойы қоғамдық жұмыстарда еңбек еттім. Менің жақындарымда да ондай сәттер болған жоқ. Өз басым өмірімде жемқорлыққа тап болмаппын. Тіпті мектепте мұғалім болғанда да ондай болмаған. Жалпы соңғы кезде жемқорлыққа төзімділік 0-ге тең. Қазақстанда кез келген дүние заң аясында шешіледі. Заңсыз әрекет жасап, оны ақшамен шешуге тырысса, ол шешілмейді. Заң керісінше талап қояды. Сондықтан осыны түсіну керек»,- дейді Елнұр Бейсенбаев.
Еске салсақ, Мәжілісте жемқорлыққа қатысты заң жобасы талқыланып жатыр.