ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте тағы 272 адамнан коронавирус анықталды

Елордада карантин режимі жеңілдетілмейді – әкімдік

Адамдар санитарлық ережелерді сақтамай кеткен

фото: http://astana.gov.kz/

Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимі жеңілдетілмейді, ал тұрғындарға санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.

«Қаланың сыртындағы блокпосттар жұмысын жалғастыра береді. Полицей қызметкерлері кәсіпорындардың санитарлық нормаларды сақтауын бақылап, тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізуде. Дәрігерлер мен еріктілер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.

Бүгін қала әкімі Алтай Көлгінов коронавирусқа қарсы шаралар бойынша өткізген жиында адамдардың босаңсып кеткенін айтқан.

«Карантин режимін жеңілдеткеннен кейін көшелерде адам көбейіп кетті. Халық саябақтарда топтасып жиналып жүр, маска тақпайды. Бұл инфекцияның уыстан шығып кетуіне әсер етеді, дәрігерлерге ауру ошағын табу қиындық туғызады. Күнделікті рейд көп жерлер санитарлық нормаларды сақтамай жатқанын көрсетті. Тәртіпті бұзғаны үшін 26 нысанды - кафелерді, құрылыс компанияларын, ресторан, қонақүйлерді жаптық. 150-ден астам кәсіпорын ескерту алды, кейбіреулеріне айыппұл салынды. Қазір босаңситын уақыт емес», - деген ол жиында.

Сондықтан полиция күнделікті күшейтілген тексеру жұмыстарын жалғастыра бермек. Әкімнің сөзінше, қалада коронавирус анықталғандардың 40%-і 18 бен 30 жас аралығындағы жастар, 36%-і 30-50 жастағы ересек адамдар. «Сақтанып жүрмесе бұл ауру иммунитеті мықты жас адамдардың да денсаулығын бұзып жіберуі мүмкін» дейді, А. Көлгінов.

Айта кетсек, соңғы тәулікте Елордада 83 адамнан COVID-19 табылып, өсім 5,7%-ды құрады. Қаладағы науқастардың жалпы саны – 1540.

Сұхбат
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған
Англия, Түркия, АҚШ елдеріндегі қазақтар жағдайды баяндады
Америкада маскасыз жүргендерге 1 мың доллар айыппұл салынады