ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте тағы 272 адамнан коронавирус анықталды

Биыл айттауға болмайды – Бас имам мәлімдемесі

Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы ораза айтты үйде атап өтуге шақырды

фото: ummet.kz

Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы ҚМБД мәлімдемесіне сәйкес, Ораза айт мерекесін карантин жағдайында барынша сақтық шараларын сақтап, үйде қарсы алуға шақырды.

«Қадірменді елордалықтар, Алла Тағала баршамыздың Рамазан айында ұстаған оразамызды қабыл етсін. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының мәлімдеуінше, биылғы Айт мейрамы мамырдың 24-не сәйкес келіп тұр. Бірақ өкінішке қарай, ел карантин жағдайында болғандықтан кеңінен атап өте алмаймыз. Әрбір мұсылман індеттің өршіп кету қаупі болғандықтан сақтық шараларына жіті мән беру қажет. Барынша отбасымызбен, үйде бірге өткізгеніміз дұрыс болады. Айтта туған-туыстарымызды, жақындарымызды құттықтау, мұсылманның міндеті. ҚМБД мәлімдемесіне түсіністік танытып, үйде болуларыңызды сұраймыз. Айт намазын оқи алмаған адам, оның орнына «Уад-духаа» намазын оқиды. Алла Рамазан айында жасалған ізгі амалдарымызды, ұстаған оразаларымызды қабыл еткей. Еліміздің тұғырын биік қылғай», – деді елорданың бас имамы Ерболат Жүсіпов құттықтауында.

Сұхбат
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған
Англия, Түркия, АҚШ елдеріндегі қазақтар жағдайды баяндады
Америкада маскасыз жүргендерге 1 мың доллар айыппұл салынады