Новости спорта, футбол, КПЛ

Батыс Қазақстан облысында карантин созылды

Өңірдің тағы бір ауданы бүгін карантинге жабылды

Батыс Қазақстан облысында карантин созылды

Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 мамырдағы Қаулысымен облыс аумағында карантин режимі 2020 жылғы 15 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы өңірдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрлыбек Мұстаев хабарлады.

Қазір өңірде коронавирус жұқтырғандар саны 370-ке жеткен. Соңғы тәулікте 10 адамнан инфекция табылып, өсім 2,8%-ды құрады.

«21 мамырда өсу деңгейі 2,5% болса, 22 мамырда 2,8%-ке жетті. Яғни, төмендеу жоқ. Егер 15 маусымға дейін өсу деңгейі 2%-тен азайса онда карантин шараларын жеңілдету мәселесі қаралуы мүмкін», - деді ол бүгінгі брифингте.

Сонымен бірге бүгін облыстың Сырым ауданына карантиндік шаралар енгізілді. Түнгі сағат 00:00-ден бастап Жымпиты ауылына екі блокпост қойылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.