ШұғылЕлімізде бір тәулікте 400 адам коронавирус жұқтырған

Былтыр Қазақстанда дүниеге келген нәрестелердің 78,8% қазақ

Қалада туғандар саны – 239 496 адам (59,5%), ауылда – 162 814 адам (40,5%).

2019 жылы Қазақстан Республикасында АХАТ органдарымен 402 310 туғандар тіркелді, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 12,9% көп, деп хабарлайды Статистика комитеті.

«2019 жылдың нәтижесі бойынша 208 038 ұл (51,7%), 194 272 қыз (48,3%) туған. Туған кездегі жыныстардың арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 107 ер баланы құрады.Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 2019 жылы 21,73 (2009 жылы – 22,14) туғандарды құрады, қалалық мекендерде – 22,09 (2009 жылы – 21,62), ауылдық мекендерде – 21,22 (2009 жылы – 21,75) құрады»,- делінген хабарламада.

Қазақстан өңірлерінің ішінде туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға шаққанда 29,72 туғандар), Түркістан облыстарында (27,87) және Шымкент қаласында (27,89) байқалды. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (12,46), Қостанай (13,15) және Павлодар (15,35) облыстарында көрініс тапты.

«2019 жылы әйелдердің бала туу кезіндегі орташа жасы 28,9 жасты (2009 жылы – 27,4) құрады, қалалық мекендерде – 29,2 (2009 жылы – 27,6), ауылдық мекендерде – 28,5 (2009 жылы – 27,3)», - делінген комитет хабарламасында.

Қазақстанның көпшілік өңірлерінде бала туу кезіндегі әйелдердің орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болды. Алматы қаласында 29,8 жасты, Нұр-Сұлтан қаласында 30 жасты құрады.

Сұхбат
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған
Англия, Түркия, АҚШ елдеріндегі қазақтар жағдайды баяндады
Америкада маскасыз жүргендерге 1 мың доллар айыппұл салынады