Жаңа жылдан бастап «Астанаэнергосбыт» электрмен жабдықтау қызметін тоқтатады
Кәсіпорынның екі сервистік орталығы жабылады
2025 жылдан бастап «Астанаэнергосбыт» ЖШС электрмен жабдықтау қызметін тоқтатады. Бұл қызметтер енді энергия тасымалдаушы ұйым – Астана-АЭК-ке өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мұндай шешім биыл қабылданған заңға сәйкес жүзеге асып жатыр.
«2025 жылғы 1 қаңтардан бастап «Астанаэнергосбыт» ЖШС электрмен жабдықтау бойынша жұмысын тоқтатады. Электр қуатымен қамтамасыз ету қызметі «Астана – Аймақтық электржелілік компаниясы» АҚ (Астана-АЭК) беріледі. Осыған байланысты абоненттерден электрмен жабдықтау қызметіне қатысты сұрақтар бойынша Астана-АЭК-ке хабарласуды сұраймыз», - делінген хабарламада.
«Астанаэнергосбыт» тек қана жылу мен ыстық суға жауап береді. Осыған байланысты компания 1 қаңтардан бастап елордадағы екі сервис орталығын жабады:
- №3 Сервис орталығы, Абылай хан даңғылы, 49;
- №4 Сервис орталығы, Бөгенбай батыр даңғылы, 24/1.
Клиенттер Әйтеке би көшесі, 3 үй, А блогындағы №1 Сервис орталығына, сондай-ақ Қажымұқан көшесі, 6 үйде орналасқан №2 Сервис орталығына хабарласа алады. Бұл екі орталықта мамандар төлемдерді салыстыру, жеке тұлғалардың есептеулері, жылу энергиясымен жабдықтауға қызмет көрсетуге шарт жасасу бойынша кеңес береді, сондай-ақ халықтан төлемдер қабылдайды.