$ 525.11  546.74  4.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.12.2024, 17:10
Қоғам

Демалысқа шыққан: Ақтау түбінде құлаған ұшақта ресейлік әуе компанияның бортсерігі де қаза тапты

Ол жолаушы ретінде ұшқан

Демалысқа шыққан: Ақтау түбінде құлаған ұшақта ресейлік әуе компанияның бортсерігі де қаза тапты
Фото: t.me/uralairlines_official

Ақтау түбінде апатқа ұшыраған Әзербайжанның Embraer ұшағында ресейлік «Уральские авиалинии» әуе компаниясының 28 жастағы бортсерігі Рамин Агаев көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы «Уральские авиалинии» компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Әріптесіміз Рамин Агаев AZAL әуе компаниясының құлаған ұшағында қаза болғанын қайғыра хабарлаймыз. Өкінішке қарай, ол осы рейстің жолаушысы болған. Раминнің отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз», - делінген хабарламада.

1996 жылғы жігіт 24-29 желтоқсан күндеріне демалыс алған екен.

Естеріңізге салайық, 25 желтоқсан күні таңертең Баку-Грозный бағытында ұшып бара жатқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы Ақтау түбінде апатқа ұшыраған. ТЖМ ақпараты бойынша, ұшақ жерге құлағаннан кейін ұшқыштар кабинасынан өрт шыққан. Апат болған жердің жалпы ауданы 4 200 шаршы метрді құрады.

Ұшақ бортында 67 адам, соның ішінде 5 экипаж мүшесі болды. Апат салдарынан 38 адам көз жұмған, 29 адам аман қалды. Embraer ұшағының бес экипаж мүшесінің үшеуі апаттан қаза болды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ақтау #ұшақ