$ 526.11  542.31  4.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.12.2024, 16:09
Қоғам

Заң бұзса, балы азаяды: Қазақстанда полицейлердің цифрлық рейтингі пайда болады

Пилоттық жоба басталып та кеткен

Заң бұзса, балы азаяды: Қазақстанда полицейлердің цифрлық рейтингі пайда болады
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Қазақстанда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің цифрлық рейтингін енгізу көзделіп отыр. Бұл бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші болады. Бүгін Парламент Сенаты тиісті норма қарастырылған заңды мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға енгізілген.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, цифрлық рейтингте қызметкердің білімі, еңбек өтілі, жұмыстағы жетістіктері, біліктілігі мен тәртіптік жазалары қамтылады. Егер қызметкер тәртіптік жазаға тартылса, рейтингтегі балы төмендейді. Керісінше, жақсы нәтиже көрсетсе, балы көбейеді. Мұның бәрі автоматты түрде орындалады.

«Бұл «тірі» рейтинг болады, үнемі өзгеріп тұрады. Мысалы, егер адамның тәртіптік жазасы болса, ұпай бірден шегеріледі. Егер ол біліктілігін арттыру курсынан өтсе, қосымша ұпай қосылады. Рейтинг ашық болады, оны әрбір адам көре алады. Біздің кадр департаментінде мұндай пилоттық жоба жүргізіліп те жатыр. Жақында маған менің рейтингімді көрсетті. Міне дәл солай әрбір адам өз рейтингін біліп жүреді. Бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін не істеу керектігін біледі. Мұның бәрі толығымен ашық болады, жаңсақ пікірге орын қалмайды. Мәселен, егер бір лауазымға екі адам үміткер болса, неге мені емес, көршімді тағайындағанын біліп жүремін. Себебі, оның рейтингтегі көрсеткіштері маған қарағанда жоғары», - дейді Лепеха Сенаттың жалпы отырысында.

ІІМ басшысының орынбасары цифрлық рейтинг сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады деп сенеді.

Серіктес жаңалықтары